Malim.kz
Оқиға

Мектеп стадионынан ер адамның мүрдесі табылды

Malim Админ

Полиция оқыс оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.  

Екібастұздағы №13 орта мектептің стадионынан ер адамның мүрдесі табылды. Жедел жәрдем қызметі оның мерт болғанын нақтылаған.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайтыс болған адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ер адамның өліміне қатысы болуы мүмкін жағдайлар анықталып жатыр. Өлімге не себеп болғаны тергеп-тексеру шараларынан соң белгілі болады, - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Фото:  Павлодар облысы ТЖД

Malim Админ
Автордың басқа материалдары