Malim.kz
Спорт

Мемлекет басшысы дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Сабина Асқарқызы
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды, деп хабарлайды Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады. Айта кететін жайт, Астана турниріне әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары - Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Бүгін 60 келіде Талғат Орынбасар күміс жүлде иеленсе, Шерзод Давлатов қола жүлдеге қол жеткізді. 

Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғайды.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары