Malim.kz
Саясат

Мемлекет басшысы Эфиопия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сабина Асқарқызы
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиені Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президенттің айтуынша, Эфиопия – Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты қызметіне табыс, достас Эфиопия халқына құт-береке тіледі.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары