Қазақстан азаматы мемлекетке 1,3 млрд теңге залал келтіргені үшін Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Күдікті 2023–2024 жылдары Алматыда коммерциялық құрылымды басқарған кезде жалған шот-фактуралар арқылы салық төлемеуден пайда табу схемасын ұйымдастырған. Қылмыстан кейін ол жасырынған және халықаралық іздеуде болған. 2025 жылғы қыркүйекте Грузияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында, оған мүлікті тәркілеу және 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.