Malim.kz
Құқық

Мемлекеттік сатып алулардан 68 млрд теңге желінген

Айбын Атабай
magnific.com

Қаржы вице-министрі Даурен Темірбеков былтыр камералдық бақылау барысында елімізде 5 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімінен заңбұзушылық анықталғанын мәлімдеді. Олардың жалпы сомасы 68 миллиард теңге болған. 

Спикердің айтуынша, есепті кезеңде 226 аудиторлық іс-шара жүргізілген.

 “Жалпы сомасы 37 миллиард теңгелік қаржылық заңбұзушылық анықталды. Сонымен қатар заңбұзушылықтарды жою көрсеткіші жақсарған. Мәселен, жойылған бұзушылықтардың үлесі 2023 жылы 63%-дан 2025 жылы 73%-ға дейін өскен. Камералдық бақылау аясында 1,2 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 147 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі тексерілді. Нәтижесінде 68 миллиард теңгеге қатысты 5 163 заңбұзушылық анықталды. Барлығы заңнамаға сәйкес жойылған”, – деді Даурен Темірбеков.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда жеңілдетілген туристік жолдамаларды жарнамалаған алаяқ 20 млн жымқырғанын жазғанбыз.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары