Арман Жұмагелдиевтің жұбайы, қырғызстандық дизайнер Айкөл Аликжанова әлеуметтік желіде ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол Instagram парақшасында неке куәлігінің фотосын жариялап, жазбасында некелерінің заңды болғанын атап өтті. Айтуынша, ерлі-зайыптылар үлкен махаббатпен қосылғанымен, ажырасу шешімі Арман Жұмагелдиевтің бастамасымен қабылданған.
Соңғы уақытта БАҚ-та мен туралы ақпарат жиі тарай бастағандықтан, түсіндіріп өткім келеді: біз Арманмен заңды некеде болдық. Үлкен махаббатпен қосылдық, ал ажырасу оның бастамасымен болып отыр. Мен оны күтіп, қолдауға дайын едім. Алайда Алланың жазуы басқаша болды. Біздің бір қызымыз бар, ол – оның жалғыз баласы. Бұған дейін оның ресми некесі де, баласы да болмаған. Арамызда ешқандай араздық жоқ, біз – ата-анамыз. Қазір маған оңай емес, бұл – ауыр шешім. Бұл жеке өміріміз болғандықтан, осыдан артық мәлімет бермеймін. Барлық жайтты жария еткім келмейді, өсек-аяңды доғаруды сұраймын. Ешкім ештеңеден сақтандырылмаған, – деп жазды.
Еске салсақ, Қаңтар оқиғалары кезінде, 2022 жылғы 7 қаңтарда Арман Жұмагелдиев ұсталып, кейін қамауға алынған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.
Іс аясында Берік Асылов бірқатар мәліметтерді жариялап, Жұмагелдиевтің әрекеттері қалай үйлестірілгенін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары оның жетекшілігімен әрекет етті делінген ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты арнайы операциялар жүргізген.
Айта кетейік, Жұмагелдиев ісі бойынша сот процесі 2023 жылдың қыркүйегінде Алматыда басталды. Кейін апелляциялық сатыда қаралып, үкім өзгеріссіз қалдырылды.