Malim.kz
Шоу-бизнес

«Мені өзіңмен салыстырма»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актердің жазған хатын көрсетті

Сабина Асқарқызы

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі, блогер Фариза Алмаз жеке өміріндегі жаңалықтарды бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Желі жұлдызы таңғы сағат 4-те бұрынғы күйеуінің жазған хатын жеке парақшасында жариялады. 

Өзіңнің үйің жоқ, күйің жоқ, жүрсің. Әке-шешеңмен біргесің. Мені өзіңмен салыстырма. 100 миллион теңгелік үйім бар, деп жазған актер. 

Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыген эфирде бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, қоңырау шалған еді. 

Отбасын сақтап қалу – әрбір ер-азаматтың міндеті. Қателескен жерлерім болса, кешірім сұраймын. Халықтың алдында, өз ата-анамның, ол кісінің ата-анасының алдында кешірім сұраймын. Алла қаласа, отбасымды сақтап қалуға бар күшімді салуға тырысамын, деген еді ол. 

Фото: zhaksygennursultan

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары