Malim.kz
Шоу-бизнес

Міне, рекорд! Бір концерттік турмен 2 млрд $ доллар пайда тапқан

Айгүл Таңатар
Ашық дереккөз

Әлемге әйгілі әнші Тейлор Свифттің концерттік туры музыка индустриясындағы ең табысты жобалардың бірі ретінде бағалануда. Сарапшылардың мәліметінше, тур тек билет сатудан ғана емес, туризм, қонақүй, қоғамдық тамақтану және шағын бизнеске де айтарлықтай экономикалық серпін берген, деп хабарлайды Malim.kz.

Экономистер мұндай ауқымды концерттердің жекелеген қалалардың табысына елеулі әсер ететінін айтып отыр. Осыған байланысты кейбір сарапшылар бұл құбылысты бейресми түрде "Taylornomics" деп атайды.

Тейлор Свифттің концерттік фильмі бес бірдей «Эмми» сыйлығына ұсынылды
Әлемдік поп-жұлдыз Тейлор Свифт үшін шілде айы есте қаларлық оқиғаларға толы болды. 8 шілдеде жарияланған Primetime Emmy Awards сыйлығының номинанттары қатарында әншінің Disney+ платформасына арналған Taylor Swift | The Eras Tour | The Final Show концерттік фильмі бес аталым бойынша үміткер атанды. Туынды «Үздік алдын ала жазылған шоу», режиссура, монтаж, дыбыс және техникалық түсірілім аталымдары бойынша бақ сынамақ.

Фильм Канаданың Ванкувер қаласында өткен The Eras Tour турының қорытынды концерті негізінде түсірілген. Бұл гастроль бұған дейін әлем тарихындағы алғашқы екі миллиард доллардан астам табыс әкелген концерттік тур ретінде рекорд орнатқан еді. Концерттік фильм 2025 жылдың желтоқсанында Disney+ сервисінде жарық көріп, көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары