Malim.kz
Экономика

Міне, жаңалық: ERG акциялары «Самұрық-Қазынаға» өтті

Айгүл Таңатар
caravan.kz

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының 40 пайыз акциясын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына берді. Бұл ақпаратты қор "ORDA-ның" сауалына берген жауабында растады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін экономист Арман Батаев өз дереккөздеріне сүйене отырып, ERG акцияларының 40 пайызы «Самұрық-Қазынаға» өткенін хабарлаған болатын.
«Самұрық-Қазына» бұл шешімге қатысты ресми түсініктеме беріп, активті қабылдау қордың мемлекеттік активтерді тиімді басқаруға бағытталған стратегиясына сәйкес жүзеге асырылғанын мәлімдеді.

«Активті беру "Самұрық-Қазына" АҚ-ның мемлекет мүддесі үшін активтерді тиімді басқаруға жауапты ұлттық әл-ауқат қоры ретіндегі стратегиясы мен рөліне сәйкес келеді», - делінген қордың жауабында.
Әзірге мәміленің қаржылық шарттары мен акцияларды беру рәсімінің өзге де егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары