Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Василий ЛЕВИТ Азия чемпионатында жеңіп алған күміс жүлдені марапаттау рәсімінде тағудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Дубайда өткен турнирде 91 келідегі финалында ол төрешілердің даулы шешіміне тап болды. Жеңіс пен алтын жүлде үндістандық боксшы Санжитке берілді. Қазақстандық боксшы жүлдені алмау арқылы бұл шешіммен келіспейтіндігін білдіргенге ұқсайды.
Қостанайлық спортшы үш рет Азия чемпионы болған қазақстандық жалғыз боксшы. Ол құрлықтық жарысты 2009, 2015 және 2017 жылдары жеңіп алған. Ал 2019 жылы ол бұл турнирдің қола жүлдегері болған.Левит 2016 жылғы олимпиада ойындарында да әділетсіздікке тап болып, күміс жүлдені қанағат тұтты.