Malim.kz
Оқиға

Министрліктер үйіне бейтаныс адам тұтанғыш қоспа лақтырды

Malim Админ

Астанадағы Министрліктер үйіне 24 жастағы ер адам тұтанғыш қоспа лақтырған,-деп хабарлайды Malim.kz. 

Оқиға бүгін болған. Ер адам турникетке тұтанғыш қоспа лақтырып жіберген. Салдарынан 2 шаршы метр аумақ өртке оранған.

Құтқарушылар өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Полиция осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы ер адамды ұстады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: Nur.kz 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары