Malim.kz
Саясат

Мөлдір Әуелбекова Құрылтай сайлауы қарсаңында партиялардың біріне мүшелікке өтті

• Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөз

Халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал әнші Мөлдір Әуелбекова «Ауыл» партиясына қабылданды. Бүгін әнші партия төрағасы Серік Егізбаевтың қолынан партиялық билетін алды, , деп хабарлайды Malim.kz.

«Жастар, құрметті партияластар! Қазақ пен ауыл синоним. «Ауыл» партиясына мүшелікке қабылдағаныма қуаныштымын. Бірлігіміз жарасып, ұлтқа қызмет ете берейік», - деді Мөлдір Әуелбекова.

Айта кетейік, ол 1986 жылы дүниеге келген. Мөлдір Әуелбекова республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал әнші, актриса әрі жас продюсер ретінде белгілі. ​Мəдениет жəне ɵнер саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн 2018 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанған.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары