Malim.kz
Сұқбат

Мүгедектерді сауықтыруға арналған қаражат жымқырылған

Malim Админ

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысындағы тағы бір былықтың бетін ашты. Өңірдегі  мүгедек  жандарды санаториялық-курорттық емделу, сауықтыруға бөлінген бюджет қаражаты  жымқырылған.  Қылмыстық іс  бойынша тергеу жүргізілуде.  

Тергеу барысында 50 млн теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалғаны анықталды. Құжат тапсырыс беруші мен ЖШС арасында наурыздан желтоқсанға дейін мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу, емдік-сауықтыру демалысын қамтамасыз ету бойынша мақұлданған.  

Тапсырыс берушінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын тексеру актісімен, мүгедектердің шипажайға барудың жалған фактілері анықталған. ЖШС-ға бір жарым миллион теңгеге жуық қаражат негізсіз төленгені мәлім болды.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары