Malim.kz
Экономика

Мұндай да болады екен: Бір күнде 470%-ға қымбаттады

Айгүл Таңатар
azia.resourse

Қытайдың жад микросхемаларын өндіретін CXMT Corp компаниясының акциялары Шанхай қор биржасындағы алғашқы сауда күнінде 470 пайызға қымбаттады. Бұл Азиядағы биылғы ең ірі IPO-лардың бірі ретінде бағаланып отыр.

Нәтижесінде компанияның нарықтық құны Қытайдағы ең қымбат технологиялық кәсіпорындардың қатарына көтерілді. Сарапшылар мұны Қытайдың жартылай өткізгіш өндірісіндегі тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған мемлекеттік саясатпен байланыстырады.

Соңғы жылдары АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық бәсеке күшейіп, Бейжің ішкі өндірісті дамытуға миллиардтаған доллар инвестиция құйып келеді. �

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары