Malim.kz
Оқиға

Мұхаметжан Тынышпаевтың ұлы Дәулет Тынышпаев өмірден өтті

Malim Админ

Ғалым, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев АҚШ-та өмірден өтті. Бұл туралы баспагер Бақытжан Бұқарбай хабарлады. 

“Алаштың арысы Мұхаметжан Тынышбайұлының туған ұлы, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев екі күн бұрын АҚШ-та дүниеден озды деген суық хабар келді. Атамыздың туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз”, – деді Бақытжан Бұқарбай парақшасында. 

Дәулет Мұхаметжанұлы – 150-ден аса ғылыми еңбектер мен авторлық куәліктердің иесі. Сондай-ақ ҚБТУ мен ҚазҰТУ-дың докторлық қорғау бойынша бірлес­кен диссертациялық кеңесінің де мүшесі болып сайланған.

Фото: facebook.com/bakhytzhan.bukharbai

Malim Админ
Автордың басқа материалдары