Malim.kz
Құқық

Мың бас малды заңсыз шекара асырмақ болған топ ұсталды

Айбын Атабай
Polisia.kz

Түркістан облысында жедел ақпаратты іске асыру барысында малды заңсыз әкету әрекеті тоқтатылды. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде өткізу бекеттерінің бірінде шамамен 1000 бас ұсақ мал тиелген бірнеше жүк көлігі ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Осылайша ауыл шаруашылығы жануарларын елден заңсыз шығаруға жол берілмей, ішкі нарыққа кері әсердің алдын алуға және тапшылық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік туды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Жануарлар мен көлік құралдары тәркіленді.

Қолданыстағы шектеулерге қарамастан, жекелеген тұлғалар жалған құжаттарды және қалыптасқан арналарды пайдалана отырып, малды заңсыз шығаруды ұйымдастыруға әрекеттенген.

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ішкі істер министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын шетелге негізсіз шығаруға жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын еске саламыз. 

Бұған дейін Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан екі топ ұсталған болатын.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары