“Жігіттер” тобының мүшесі Ердос Қанаев әлеуметтік желіде әріптестерінің қызықты сәтін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Әнші бөліскен видеода оның жанында топтың басқа мүшелері ұйықтап отырғанын көруге болады. Ердос Қанаев бұл көріністі әзілге айналдырып, оларды өзін күзететін «телеохранительдерге» теңеген.
“Жұмысқа адам аламын. “Телеохранитель”. Ақшасы қомақты. Мына екеуі жарытпады. Бұлар мені күзетіп, уайымсыз ұйықтаймын ба десем, екеуі пырылдап емес, қорылдап ұйықтап жатқаны не?”– деп жазды әнші.
Ердос Қанаевтың әзілге толы видеосы желі қолданушыларының назарын аударып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.