Malim.kz
Спорт

Нариман Курбанов әлем кубогының финалына жолдама алды

Сабина Асқарқызы
ҰОК

Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінің алғашқы іріктеу күні аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Іріктеу нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды. Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Курбанов 14,900 ұпай жинап, финалдық кезеңге бірінші орынмен шықты.

Зейнолла Ыдырысов та медаль үшін сынға түседі. Іріктеуде ол төрешілердің шешімімен 14,266 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Сақиналардағы жаттығуда Роман Маменов 13-орынмен жарысты аяқтады. 

Айта кетейік, турнирдің финалдық бәсекелері 30 мамырда басталады.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары