Malim.kz
Оқиға

Нарынқол мен Кегенде жер сілкінісі сезілді

Мәди Саматұлы

Сейсмологиялык зерттеу институты сейсмикалық станциялар желісі 2 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 мин жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәлімдеуінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер: есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балды құрады. Ол таулы аймақтарда, атап айтқанда, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы және Кеген ауданы, Кеген аулында байқалған.

Фото: Abai.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары