Malim.kz
Саясат

Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палата төрағасы қызметінен босатылды

Malim Админ

Мемлекет басшысының жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылды, – деп хабарлады Ақордадан.

Еске сала кетейік, Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып 2022 жылдың қарашасында қайта құрылған болатын. Палата басшысы болып сол кезде Есеп комитетін басқарған Годунова тағайындалған.

Фото: ҚазТАГ

Malim Админ
Автордың басқа материалдары