Malim.kz
Мәдениет

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

Malim Админ

Наурызнама күнтізбесі бойынша 22 наурыз – жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шара өтеді, стильді этноауыл мен түрлі жәрмеңке ұйымдастырылады.

Атап айтсақ, Астанада «Наурыз – береке бастауы» іс-шаралары, халықаралық көрме орталығындағы көшпелі өркениеттер фестивалі өтеді.

Сонымен қатар, Жазушылар аллеясы, Есіл өзенінің бойындағы саябақ, «Көктал» саябағы, «Қорғалжын» саябағы секілді өзге де орындарда Наурыз мерекесіне арналған түрлі іс-шаралар өтеді.

Ал Алматыда Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерттер өтеді. Сонымен қатар, Арбатта Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.

ФОТО: Астана әкімдігі
 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары