Malim.kz
Саясат

Назарбаев Өзбекстан президентімен сөйлесті

Арман Қайыпхан
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, екі бауырлас елдің халқына бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тілектерін білдірген.

Сондай-ақ әңгімеде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, көршілестік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарының жоғары деңгейде екені атап өтілген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары