Malim.kz
Саясат

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

Сұлу Бөлек

"Назарбаев Университеті" президенті Ахмад Вакарға үкімет жанындағы құрылымнан лауазым беру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

"Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрамында (…): 30-тармақты келесі редакцияда баяндау: "49. Ахмад Вакар – "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының президенті (келісім бойынша)", – делінген Үкімет қаулысында.

Қаулы күшіне енді.

Ұлыбритания азаматы Ахмад Вакар "Назарбаев Университетінің" президенті болып 2024 жылғы маусымда тағайындалған.

Ахмад Вакар туралы не белгілі?

"Профессор Ахмад Вакар – тәжірибелі ғылыми басшы, ол Абу-Даби университетінің президенті қызметін атқарған. Бұған дейін ол Абу-Даби университетінің вице-канцлерінің орынбасары, Лидс университетінде бастапқы медициналық көмек бойынша ғылыми зерттеулер профессоры, сондай-ақ Йорк және Брэдфорд университеттерінде доцент болған", - делінген университеттің сайтында. 

Фото: nu.edu.kz

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары