Malim.kz
Спорт

Назым Қызайбай Әлем кубогы кезеңінің финалына жолдама алды

Арман Қайыпхан
Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Malim.kz.

54 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда ол Таиланд спортшысы Натнича Чонгпронгклангпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты кездесудің қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен (3:2) жеңіс Назым Қызайбайға берілді.

Сонымен қатар қазақстандық боксшылар Виктория Графеева мен Абылайхан Жүсіпов те өз салмақ дәрежелерінде финалға шықты.

Ал Санжар Тәшкенбай, Аида Әбікеева және Айбек Оралбай бүгін өтетін жартылай финалдық жекпе-жектерде финал жолдамасын сарапқа салады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары