Malim.kz
Шоу-бизнес

"Неге десең - шеге": Ләйлә Сұлтанқызы эфирдегі әзілі үшін сынға қалды

Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: видеодан скриншот\ЖИ арқылы өңделген

"Super Star" жобасында төреші болған Ләйлә Сұлтанқызы қатысушымен әзілдесемін деп желі қолданушыларының сынына қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоба қатысушысы Аюпова Ясмин әнін орындап болғаннан кейін төреші Мақпал Исабекова өнерпаздың өнері өзіне ұнағанын айтады. Ал Ләйлә Сұлтанқызы керісінше, "маған ұнамады" деп пікір білдіреді.

Қатысушы одан "Неге?" деп сұрағанда, тележүргізуші әзілдеп:

- Неге десең - шеге, — деп жауап берген.

Артынша Ләйлә Сұлтанқызы бұл сөзді Ясминді күлдіру үшін айтқанын түсіндірген.

- Сені күлдіру үшін айттым, — деген ол.

Одан кейін төреші қатысушының өнеріне қатысты нақты пікірін білдіріп, сахнада сенімсіздік пен қорқыныш байқалғанын айтқан.

Эфирдегі осы сәт әлеуметтік желіде талқыға түсіп, кей қолданушылар Ләйлә Сұлтанқызының әзілін орынсыз деп бағалады. 

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары