Malim.kz
Экономика

Негізгі металдардың өндірісі төмендеді

Айгүл Таңатар
https://rdmetall.ru

Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі металдардың басым бөлігін өндіру көлемі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда азайған.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең үлкен төмендеу мырыш өндірісінде тіркелді. Жылдың алғашқы жеті айында 132,8 мың тонна мырыш өндіріліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға аз.
Алюминий өндірісі 12,4%-ға төмендеп, 924 мың тоннаны құрады. Алтын өндіру көлемі 11,8%-ға қысқарып, 38,8 тоннаға жетті.
Мыс өндірісі 1,4%-ға азайып, 278 мың тоннаны құрады. Күміс өндірісі де 1,4%-ға төмендеп, 359,9 тонна болды.
Ферроқорытпа өндірісінде де 1,3%-дық төмендеу тіркелді. Қаңтар–шілде айларында оның өндіріс көлемі 1,186 млн тоннаға жетті.
Негізгі металдар арасында өндірісі өскен жалғыз өнім — болат. Оның өндірісі бір жылда 4,1%-ға артып, 2,6 млн тоннаны құрады.


Осылайша, 2026 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстанның металлургия саласында өндіріс динамикасы әркелкі болды: түсті металдардың бірнеше түрі бойынша төмендеу байқалса, болат өндірісі өскен.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары