Malim.kz
Шоу-бизнес

Николай Костер-Вальдау Comic Con Astana қонағы болады

Айгүл Таңатар
film.ru

«Тақтар ойыны» сериалындағы Джейме Ланнистер рөлімен әлемге танылған актер Николай Костер-Вальдау биылғы Comic Con Astana фестивалінің арнайы қонағы ретінде жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәртебелі мейман жанкүйерлермен кездесіп, шығармашылық кеш пен қолтаңба сессиясына қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, актердің келуі фестивальдің халықаралық мәртебесін арттыра түседі. Биылғы Comic Con Astana-да кино, сериал, комикс және ойын индустриясына қатысты ондаған іс-шара жоспарланған. Фестивальге Орталық Азияның бірнеше елінен қонақтардың келуі күтіліп отыр.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары