«NUR OTAN» ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
Ақтөбеде партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша «Казпошта» АҚ филиалының еңбек ұжымымен қалалық маслихат депутаттығына үміткер Ардақ Өтегенов, Асхат Қалжанов, Алтынай Мұханова кездесу өткізді. Бағдарламаның жеті бағытын айтып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Онлайн форматта өткен кездесуде үміткерлер 10 қаңтар күні барлық ұжымды сайлауға дауыс беруге шақырды. «Nur Otan» елдің партиясы» деп сөзін бастаған Ардақ Өтегенов бағдарламаның алғашқы басымдылығын атап өтті.
Алтынай Мұханова жеті басымдылықтың «Жайлы қала» деп аталатын бағытына тоқталып, жыл сайын 5 көп қабатты тұрғын үйге жаңғыру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Ал Асхат Қалданов болса, медицина саласында болатын жаңа өзгерістермен бөлісті.
Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық сайлау қорынан төленді.