Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Абай Сақтағанов Әлия мен Мәншүкті жарты ғасыр зерттеген, кеше ғана 85 жасқа толған «Қос Шынар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ғалымжан ақсақал Байдербеспен кездесті.
Ұлы тұлғамен кездесудің басты мақсаты - "Nur Otan" партиясының қалалық сайлауалды бағдарламасын насихаттау.
- Жарты ғасыр ғұмырын қазақтың қос шынарына арнаған ағамыз кездесу орнын Әлия мен Мәншүктің суреті бейнеленген үйдің жанында болсын деп белгіледі. Көпке үлгі боп жүрген ағамыздың сөзі біз үшін қашан да заң. Қарапайым қызметтен мектеп директорлығына дейін өз күшімен көтерілген ағамыз « Nur Otan» партиясына қолдау танытатыны анық. Партия құрамында жастардың көп жиналғанын қалайды. Ағамыз Әлияның туған жері Қобда өңірінде жұмыс жасап, оны тәрбиелеген жанмен жолыққан. Мәскеудегі Әлия атындағы мектепті осы уақытқа дейін қамқорлығына алған. Елгі сыйлы азаматты бүгінде тек біздің республика емес, мәскеуліктер де таниды. Сондықтан осындай ағамызға арнайы барып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздім,-дейді Абай Сақтағанов.
Әлия мен Мәншүкті көп дүние байланыстырады. Екеуі де соғысқа сұранып барған. Екеуіне батыр атағы бірге берілді. Екеуінің жастарын қосқанда қырыққа да жетпеген. Осыны көп ойлаған Ғалымжан Байдербес «Қос Шынар» қоғамдық бірлестігін құрды. Бұл туралы бірнеше рет газет-журналға жазылып, телеарналар да айтылып жүр.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді