Malim.kz
Құқық

Нұрай Серікбайдың ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды

Айбын Атабай
Фото: instagram.com/ayankhan_omarov_advocate

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот үкім шығарды. Айыпталушы Шерхан Аймаханға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушы Шерхан Аймаханға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын. 

Сот 13 тамыз күні іске байланысты үкім шығарды. Шерхан Аймахан қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы – аса қатыгездікпен адам өлтіру, 125-1-бабы – некеге тұруға мәжбүрлеу және 115-1-бабы – сталкинг бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 

Сонымен қатар ол 25 миллион теңге моралдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Еске салсақ, бұған дейін күдікті Шерхан Аймахан соттағы соңғы сөзін айтқан болатын.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары