Malim.kz
Құқық

Нұрлан Сабуровтың ендігі жағдайы қалай болады? Бас прокуратура жауап берді

Айбын Атабай
видеодан скриншот

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нұрлан Сабуровқа қатысты жағдайға пікір білдірді. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәжіліс кулуарында Ғалымжан Қойгелдиевтен бұл жағдайға қатысты қандай шешім қабылданғаны сұралды. 

“Біріншіден, шетелдік органдардың шешіміне біз пікір білдіре алмаймыз. Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жүрген ақпараттың бәрі тексеріліп жатыр. Ол зерттеуді қажет етеді. Ал БАҚ-та айтылып жүрген Қылмыстық кодекстің 170-бабы (Жалдамалылық) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретіне жатады”, – деді бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ-та қазақстандық белгілі әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тарағаны хабарланған еді. Кейінірек комиктің Ресей азаматтығын алудан бас тартқаны белгілі болды. Сондай-ақ Сабуровтың Ресейге қайтып оралу шарттары жарияланды.

Бірнеше күннен кейін ғана Нұрлан Сабуровтың өзі алғаш рет мәлімдеме жасады.

Жуырда белсенді Марат Тұрымбетов оған қатысты Бас прокуратураға арыз жазды. Ол Сабуровтың Украинадағы соғысты қаржыландыруы мүмкін деген деректі тексеруді талап етті.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары