Malim.kz
Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығына байланысты үйінде дауыс берді

Арман Қайыпхан

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарының сайлауында өз үйінде дауыс берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Назарбаевтың ресми сайтының хабарлауынша, Тұңғыш Президент жақында бел омыртқасына жасалған отадан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты дауыс беру құқығын үйде жүзеге асырған.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Құрылтайы сайлауында дауыс берді. Жақында бел омыртқасына жасалған отадан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты Тұңғыш Президент өз дауыс беру құқығын үйде жүзеге асырды», – делінген хабарламада.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары