Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев пен актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы Аймира Аман бір бағдарламаның түсіріліміне қатысқан, деп хабарлайды Malim.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада екеуінің түсірілім алаңында жүргені көрінеді. Дархан Мұсаевтың қолында гүл шоғы бар. Алайда оның кімге арналғаны белгісіз.
Әзірге бағдарламаның атауы, тақырыбы және эфирге қашан шығатыны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Олардың жобаға қандай мақсатпен шақырылғаны да нақтыланбаған.
Еске салайық, бұған дейін Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның әлеуметтік желідегі жазбалары туралы жазған едік. Сол кезде Дархан адам ойлағанының бәрі орындала бермейтінін айтса, Аймира өмір сынақтары мен бақыт жайындағы ойларын бөліскен. Екеуі де жазбаларын Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесіне тікелей байланыстырмаған.
Аймира Аман кім?
Аймира Аман – актер әрі әнші Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы. Оның есімі соңғы уақытта Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың жеке өміріне қатысты жаңалықтарда аталып жүр.
Бұған дейін Аймира әлеуметтік желідегі парақшасында өмір сынақтары, адам тағдыры мен бақыт туралы ойларын бөліскен. Алайда ол жазбаларын бұрынғы күйеуінің шаңырақ көтеруімен тікелей байланыстырмаған.
Ал Дархан Мұсаев – Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі. Дариға мен Олжас отбасын құрғаннан кейін олардың бұрынғы жұбайларының бір бағдарлама түсіріліміне қатысуы назар аудартты. Дегенмен тараған видеодағы гүлдің кімге арналғаны белгісіз, ал екеуінің бірге көрінуі жеке қарым-қатынасы бар дегенді білдірмейді.
Дархан Мұсаев кім?
Дархан Мұсаев – қазақстандық актер, актриса әрі продюсер Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі. Ол актерлікпен қатар, кейінгі жылдары кино өндірісі мен продюсерлік бағытта да жұмыс істеп жүр.
2026 жылдың ақпанында Мұсаев Хайрол Мархабамен бірлескен киножобада атқарушы продюсер болғанын хабарлаған. Әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылығына қатысты жаңалықтарын, ән мен терме орындаған видеоларын бөліседі.
Бұған дейін Malim.kz Дархан Мұсаевтың қайта үйленгенін мәлімдегені туралы жазған еді. Актер өміріндегі бұл өзгерісті желіде тараған бейнежазбада өзі хабарлаған.