Malim.kz
Оқиға

Олигарх Владимир Кимге тиесілі Bank RBK ақпарат ұсынбады деп айыпталды

Сұлу Бөлек

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) олигарх Владимир Кимге тиесілі Bank RBK-ны сұратылған ақпаратты ұсынбағаны үшін айыптады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі kaztag.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ұйымның атауы/Аты-жөні: «Bank RBK» Банкі» АҚ. (…) Жаза түрі: жазбаша нұсқама. Бұзушылық мәні: уәкілетті органға сұратылған ақпаратты ұсынбау», – деп хабарлады ҚНРДА.

Бұл нұсқама ҚНРДА-ның банк реттеу департаменті тарапынан шығарылған.

2024 жылдың аяғындағы жағдай бойынша, Bank RBK-ның 89,7% акциясы «КСС Финанс» ЖШС арқылы олигарх Владимир Кимге тиесілі.

Ким – Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі, ол басқа олигарх Эдуард Огаймен бірге «Қазақмыс» компаниясын басқарады. Кейінгі кезде бұл компанияда өндірісте адамдардың қаза болуына байланысты жанжалдар болып жатыр. 

Фото: forbes.kz

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары