Malim.kz
Саясат

Олигополия меншігіндегі 140 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Malim Админ

7,3 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты


Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының аясында мемлекетке жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскелері және басқа да мүлік қайтарылды.

Прокурорлардың актілеріне сәйкес, құны 43 миллиард теңге болатын заңсыз берілген және мақсатына пайдаланылмаған 7,3 миллион га жер мемлекетке қайтарылды. Соның ішінде, олигополия меншігіндегі құны 6 миллиард теңге болатын 140 мың га жер қайтарылды. Жуық арада олигополия субъектілерінің меншігінде болған 160 мың га жер қайтарылады.   

Malim Админ
Автордың басқа материалдары