Malim.kz
Спорт

Олимпиадаға осылай киініп барамыз

Ереке Базарқұл
ФОТО: © ҚР Үкіметінің расталған ресми телеграм-арнасы

Қазақстан спортшыларына арналған XXV қысқы Олимпиада ойындарының ресми киім жиынтығы 22 атаудан тұрады. Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында хабарлады.

Министрдің айтуынша, техникалық талаптарды сақтау, макеттерді келісу және жеткізілетін спорттық киімнің сапасын бақылау үшін арнайы жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына Ұлттық Олимпиада комитетінің, министрлікке қарасты ұйымдардың өкілдері және танымал спортшылар енген. Комиссия киім үлгілерін бекітіп, қазір эскиздер Халықаралық Олимпиада комитетімен келісу кезеңінде тұр.

Жиынтыққа ашылу және жабылу салтанаттарына арналған ресми форма, сондай-ақ жарыс күндері қолданылатын жылы сырт киімдер кіреді. Бұдан бөлек, спортшыларға жаттығуға, дене қыздыруға және күнделікті пайдалану үшін арнайы жаттығу және күнделікті киімдер қарастырылған.

«Жалпы алғанда, спорттық киім-кешек жиынтығы 22 атауды қамтиды. Форма бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынды», —

деді Ербол Мырзабосынов.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары