Malim.kz
Саясат

Олжас Бектенов: Мемлекеттік аппараттағы артық шығындарды цифрландыру арқылы қысқарту керек

Malim Админ

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында әділет мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруда цифрландырудың қаншалықты маңызды екені туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz. 

Отырыста Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев саланы цифрландырудың барысы мен алдағы жоспары туралы мәлімет берген. 

Сіз айтқан мәселелерді қолдаймын. Цифрландыру арқылы осылай артық шығындарды, артық құрылымдарды, артық адамдарды қысқарту керек. Соның нәтижесінде жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барша мемлекеттік органдарға қатысты, - деді Премьер-министр. 

Фото: Үкімет 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары