Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 31 тамызда Құрылтайдағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесіп, жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес Олжас Бектеновтің кандидатурасын талқылады.
Кеңесуге "Әділет" партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев, "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов, Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Дания Еспаева және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.
Талқылау қорытындысында депутаттар Олжас Бектеновтің премьер-министр лауазымына кандидатурасын қолдап дауыс берді.