Malim.kz
Саясат

Олжас Бектенов шахтада қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

• Сабина Асқарқызы

Олжас Бектенов Ұлытау облысында шахтадағы апат салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Отырыста Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды.

Оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз, — деп атап өтті премьер-министр.

Фото: Үкімет

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары