Malim.kz
Оқиға

Олжас Беркінбаев «AMANAT» партиясының Орталық аппараты баспасөз қызметінің жетекшісі болды

Айбын Атабай
«AMANAT» партиясы

Олжас Беркінбаев бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры — баспасөз қызметінің жетекшісі, сондай-ақ министрдің кеңесшісі — ресми өкілі болған.

Әр жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде жұмыс істеген. Сонымен қатар ҚР СІМ-нің «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті қызметін атқарған. Қоғамдық коммуникациялар, ақпараттық саясат және медиа мәселелерімен айналысқан.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының лауреаты.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары