Malim.kz
Шоу-бизнес

Өнер жұлдызы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды

Айгүл Таңатар
APF

Джаред Лето өзіне қатысты сексуалдық сипаттағы құқықбұзушылық туралы айыптауларды жоққа шығарды, деп хабарлайды Malim.kz
People.com дерегіне сүйеніп.
 

Әнші әрі актердің мәлімдемесі BBC жариялаған деректі фильмнен кейін жасалды. Онда бірнеше әйел Летоның әрекеттеріне қатысты айыптаулар айтқан. Алайда өнер иесінің өкілдері бұл айыптардың барлығын «шындыққа жанаспайды» деп мәлімдеп, олардың үзілді-кесілді теріске шығарылатынын жеткізді.


Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Әзірге құқық қорғау органдары тарапынан ресми айып тағылғаны немесе қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ. Сондықтан іс бойынша түпкілікті құқықтық баға әлі берілген жоқ.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары