Malim.kz
Сұқбат

«Оператор РОП» бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды

Malim Админ

– ҚР Бас прокуратурасы мен Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтарованы экстрадициялады,-делінген Антикор таратқан ақпаратта.

Шынар Мұқтарова «Оператор РОП» ЖШС бас директоры С. Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде.

Антикордың мәліметінше, 27 шілде де кешкі сағат 19:01-де Мұқтарова Астана қаласының әуежайы аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.

– Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратында.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары