Malim.kz
Оқиға

Оралда өзенге батқан автокөліктен екі ер адамның мәйіті шықты (ВИДЕО)

Malim Админ

Орал қаласында өзенге батып кеткен автокөліктен екі ер адамның денесі табылды. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 2 ақпан күні сағат 18.00-ге таман «Самал» шағынауданы маңында болды. 

Өзенге батып кеткен көлік құралынан табылған екі ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрделер сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі құтқарушылардың көлік пен адам денесін судан шығаруға көмектескенін жеткізді. 

Фото: видеодан скрин 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары