Malim.kz
Оқиға

Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз төртінші күн іздестіріліп жатыр

Айбын Атабай

Орал қаласында 10 мамыр күні жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылмай жатыр.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жасөспірім 10 мамыр күні сағат 15.30-да үйінен шығып кеткен. Содан бері хабар-ошарсыз.

Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметке қарағанда, Кәусар Тельманқызының бойы 160-165 см, орта бойлы, шашы қара. 

Жоғалған күні сұр түсті кофта, жеңсіз қара киім, көк джинсы және қара кроссовка киген. 

Қызды көрген немесе оның жүрген жерін білетін адамдар болса, туысқандары мен еріктілер полицияға 102-ге немесе +7 777 184 04 90 және +7 705 798 68 68 телефон нөмірлеріне хабарласуды өтінеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 13-қабаттан құлаған жас жігіт мерт болғанын жазған едік.


 




 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары