Malim.kz
Оқиға

Өскеменде көпірден секірген ер адамның мәйіті табылды

Айбын Атабай
Павлодар облыстық ТЖД

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 44 жастағы ер адам 20 шілдеде Ертіс көпірінен өзенге секіріп кеткен, деп хабарлайды  Malim.kz  Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

— Сол уақыттан бері құтқарушылар іздеу жұмыстарын қолға алды. Мәйіт бүгін оқиға орнынан 21 шақырымдай қашықтықта, Ертіс өзенінің Прапорщиково ауылы маңындағы тармағынан табылды, — делінген ақпаратта.

ТЖД қызметкерлері іздестіру жұмыстарын күн сайын жүргізді. Іздеу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жүзу құралдары пайдаланылып, жақын маңдағы аудандардың жағалау аумақтары тексерілді. Сүңгуірлер жалпы саны 26 рет су астына кірген. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары