Malim.kz
Оқиға

Өскеменде велосипед мінген топты көлік қағып кетті

Сабина Асқарқызы
vkvideo.ru/moygorod_uk

Өскемен қаласында жеңіл көлік велосипедшілер колоннасына соғылды. Оқиға салдарынан алты кәмелетке толмаған жасөспірім медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Malim.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 мамыр күні шамамен сағат 09:30-да Toyota Avensis автокөлігінің жүргізушісі Ертіс өзені үстіндегі көпірмен келе жатып, жолақ ауыстыру кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, велосипедшілер колоннасын қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты кәмелетке толмаған велосипедші медициналық көмекке жүгінген.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары