Malim.kz
Оқиға

Өскеменнің маңынан әйел адамның мәйіті табылды

Malim Админ

Мәйіттің денесінде дене жарақаттары бар. Әзірше күдікті ұсталған жоқ.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің денесі қаладағы бау-бақша қоғамдарының бірінен  шыққан.

«45-50 жас шамасында көзге көрінетін дене жарақаты бар белгісіз әйелдің денесі табылды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады құзырлы орган өкілдері. 

Фото: ДЧС СҚО   

Malim Админ
Автордың басқа материалдары