Malim.kz
Білім-ғылым

"Өте маңызды!" – Асхат Аймағамбетов кезінде өз жемісін берген жүйені қайта енгізуді ұсынды

Қайсар Қанат
primeminister.kz. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Асхат Аймағамбетов Threads желісіндегі ресми парақшасында мектептегі оқыту ісіне қатысты мәселені көтерді.

"The Economist жазғандай, АҚШ пен Еуропада мектептер қайтадан жазбаша және ауызша емтихандарға орала бастады. Бірқатар елдер сабақта телефон мен ноутбукты шектеп, қолмен жазуды және ауызша жауапты күшейтіп жатыр. Зерттеулер ауқатты отбасылардың балалары гаджетке аз отыратынын, ал осал топтарда керісінше екенін көрсетеді. ChatGPT дәуірінде мектептегі назарды сақтайтын ортаны күшейту, ең бастысы – жазу, оқу, ауызша сөйлеу мен сыни ойлау сияқты базалық дағдыларды қайта күшейту өте маңызды", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары