Алматыда заңсыз салынған ірі нысан сүрілуде деп жазады Zakon.kz.
Қалалық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бүгінгі - 26 қарашадағы мәліметінше, сот шешіміне сәйкес Таугүл-3 шағынауданында, Бекет Ата көшесі 46 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталды.
Ведомствоның хабарлауынша, нысанның жеке меншік иесі ғимаратты рұқсатқа қажет құжаттардың толық пакетінсіз тұрғызған. Басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілген.
— «Іс материалдары негізінде нысанды сүру туралы ұсыныс сотқа жолданды. 2025 жылғы 20 қарашада Әуезов аудандық соты басқарманың талап-арызын қанағаттандырды», —
деп мәлімдеді басқарма.
Қазіргі уақытта нысан иесі ғимаратты бұзу жұмыстарын бастап кеткен.