Өзінен алты жасқа кіші әнші Ринат Шамшырақпен отбасын құрған косметолог Аружан Төре қуанышты хабарын бөлісті, деп жазды Sn.kz сайты.
Ол араға 8 жыл салып бала көтергенін сүйіншіледі.
"Алла қаласа 8-жылдан кейін 2-рет ана атанамын. Құттықтап қойсаңыздар болады. Көп күттім, қатты қаладым, армандадым. Бөпе күтіп жүрген жандарға жұғысты болсыншы", - деп жазды Аружан Төре.
Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазды. Көпшілік келіншектің әнші күйеуінен ажырасып кеткенін айтқан.
"Қалай ажырасып жүріп көтере бересіңдер", "Қуанышты жаңалық, құтты болсын дегенмен ұятты да ұмытпайық", "Кіндігіңді жап", "Аман-есен босанып ал", деді олар.